Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Астана тұрғындары Еуропа елдерінің тұрғындарымен салыстырғанда жедел жәрдем қызметіне 5 есе көп жүгінеді

AstanaTV
16.11.2018ж. 20:00
2667
Астана тұрғындары Еуропа елдерінің тұрғындарымен салыстырғанда жедел жәрдем қызметіне 5 есе көп жүгінеді

Астаналықтар Еуропа елдерінің тұрғындарымен салыстырғанда жедел жәрдем қызметіне 5 есе көп жүгінеді. Күніне орталыққа 2500-ге жуық адам хабарласады. Олардың көбі ауруханаға барғысы жоқ. Қалалық жедел медициналық жәрдем станция қызметкерлері осылай деп мәлімдеді. 

Бота СӘДЕТХАН, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-ШҰҒЫЛ ДИСПЕТЧЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Биылдың өзінде 600 мыңға жуық шақыртулар келді. Солардың, мысалыға, 35%-ын ғана ауруханаға апарамыз, ал қалғанына учаскелік дәрігерге бару ұсынылып, үйлерінде қалдырылады. Яғни, жедел жәрдем қажет болмаған. Тек ауруханаға барып, тиесілі дәрі-дәрмекті жазып алу керек болған.   

Елімізде жүрек талмасы бар, қан қысымы жоғары тұрғындар жиі қоғамдық орындарда есінен талып қалып жатады. Дер кезінде көмек көрсетілмесе, науқас жедел жәрдем көмегі келгенше бақилық болып кетуі мүмкін. Сондықтан, мамандар әрбір азамат алғашқы көмек көрсетуді үйренуі қажет,-дейді.  

Руслан ЖАМПОЗОВ, «АСТАНА» ОКО ДӘРІГЕР-РЕАБИЛИТОЛОГ: 

Дәрігерлер мен фельдчерлерден бөлек қарапайым тұрғындарға да «Базалық реанимация» жасауды үйрету қажет. Біз білетін АҚШ және көптеген Еуропа елдерінде халықтың басым көпшілігі арнайы оқулардан өтеді. Оның еш қиындығы жоқ. Сонымен қатар, шетелдегідей адам көп жүретін орталықтарға арнайы дефибрилляторларды қою керек. Оны қолдану арнайы оқудан өткен адам үшін еш қиындық тудырмайды. Ол соған ыңғайланып жасалған. Егер, әрбіріміз алғашқы көмек көрсетуді жіті менгерсек, адам өлімін азайта аламыз.   

Ә. Өмірзақ