Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағандылық отбасы мүгедек қос ұлы үшін арнайы лифті қондыруды сұрап отыр

AstanaTV
16.11.2018ж. 20:00
3291
Қарағандылық отбасы мүгедек қос ұлы үшін арнайы лифті қондыруды сұрап отыр

Мүгедек балаларға лифті қажет. 10-11 жастағы қос ұлын далаға шығару үшін 4-ші қабаттан арқалап көтеріп-түсіретін ана қалталы азаматтардан көмек сұрап отыр. Жергілікті билік оларға неге көмектесе алмайды? Айжан Қуаш анықтап көрді. 

Айжан Елшібекова күнде кешкісін психоневрологиялық интернаттан келетін үлкен ұлы Абылайханды арқалап шығарады. Интернатта бала ем қабылдайды, сабақ оқиды. Ол-сал, әрі орташа деңгейдегі психикалық тежелуі бар.  

Төртінші этажға дейін, -Уфф, бала 11 жаста, 30 кг. Белден бел қалмады. 

Өмірбектер отбасы екі жыл бұрын осы екі бөлмелі пәтерді мемлекеттік бағдарлама арқылы жалға алған. Бірақ, төменгі қабаттан пәтер бұйырмапты. Ал, есейіп келе жатқан балаларын күн сайын далаға шығару үлкен машақатқа айналып барады.10 жастағы Амир қарға аунағанды жақсы көреді. Әзірге ол арман. Анасы арнайы жеделсаты болса бейнетім де жеңілдер еді дейді.   

Айжан ЕЛШІБЕКОВА: 

Біздің үйімізде лифт жоқ, балконымыз жоқ. Сол үшін ең бір үмітіміз- подъемник болса, қалталы азаматтар, спонсорлар болса екен, осы балаларымыз ғой қиын болып тұрған, көтеру қиын бізге.

Ес біліп қалған Абылайхан анасын аяйды. Аяз атаға жазған хатында лифті сұрапты. 

Абылайхан ӨМІРБЕК: 

Аяз атадан тілейтінім-ол бізге лифт подарить етсе. Лифт, чтобы мамаға қиын болмасын деп. Лифт болса ғой мен онымен көтерілуші едім, өзім түсетін едім.

Мүгедек балалардың мәселесін жергілікті билікке жеткіздік. Тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары мемлекеттік тұрғын үй бағдаламасында адамдардың әлеуметтік жағдайы ескерілмейтінін кесіп айтты.  

Әсет АЛДАБЕРГЕНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мәселені өз басшыма жеткіземін. Ол әкімнің орынбасарына жеткізеді. Именно подъемник мәселесі тұрғын үй қатынастары бөлімінің құзырына жатпайды. Бұл мәселемен әлеуметтік қамту орталығына шағымдану керек. Сол кісілер қарайды.

Мүгедектерге арналған көтеріп-түсіретін қондырғының бүгінде түрі көп. Бірақ, ондай Қазақстанда жасалмайды екен. Ресейде бар. Бірақ, бағасы 1 млн рубльге жуықтайды.  

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ: 

Ондай қымбат қондырғы алуға қаржы қолбайлау. Қос баламен ауруханадан шықпайтын мүгедектер отбасының бар ақшасы дәріден ауыспайды. Сондықтан, қайырымды жандар қол ұшын созар деп үмітті.

А. Қуаш