Алматыда 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов Кинофестивалі басталды. Бұған дейін «Шәкен жұлдыздары» атымен таныс байқаудың биыл форматы да өзгерген. Шара түркі тілдес киноматографтардың басын біріктіруді қолға алыпты. Фестивальге әлемнің 90 елінен 300-ге жуық өтініш түскен. Оның ішінде 45-ке жуық картина бес күндік байқауда қазылар алқасының талқысына түседі. Жеңімпазға «Құлагер» ұлттық сыйлығы табысталады. Фестивальдің бас директоры, танымал кинорежиссер Ермек Тұрсынов биылғы халықаралық кинокөрмеге өз ісінің кәсіби мамандары жиналғанын айтты.
Ермек ТҰРСЫНОВ, 14-ші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Ш.АЙМАНОВ КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ, КИНОРЕЖИССЕР:
Шын мәнінде кинофестиваль әркімнің бір көрініп, өтіп кететін есігі емес. Нағыз кәсіби мамандар еңбегі көрсетілетін, Отандық киносаланың майталмандарын бағалайтын іс-шара. Біздің мақсат-саналы көрерменді қайтару. Сол себепті-жеңіл, мағынасыз кинолар емес, тарихқа тереңдейтін, өзіндік генетикалық коды бар, еліктеушілігі жоқ, таза, мағыналы туындыларды іріктеп отырмыз. Осы жұмыс күні аясында әр фильм өз бағасын алатын болады.
О. Нұржақып