Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбеде лаңкестік топ құрмақ болған екі күдікті ұсталды

Ақтөбеде лаңкестік топ құрмақ болған екі күдікті ұсталды

Ақтөбеде лаңкестік топ құрмақ болған екі күдікті ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті осындай хабарлама таратты. Қолға түскен екі жігіттен қолдан жасалатын жарылғыш зат бөлшектері мен суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ соғыс әрекеттерін жүргізу нұсқаулығы табылған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілер радикалды діни сенімде болған. Ақтөбедегі жедел-іздестіру шарасы 15-ші қарашада өтті. Ал, 17-сі күні олар сот санкциясымен қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.  

Г. Меңдеева