Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Астанада тоқ 1 теңгеге арзандады

AstanaTV
19.11.2018ж. 20:00
3073
Астанада тоқ 1 теңгеге арзандады
«Астана-энергия» компаниясы прокуратурамен соттасуға дайын. Себебі, жылу мен жарық бағасына байланысты тағылған айыптың бәрімен бірдей келіспейді. Бұл туралы бүгін компания төрағасының орынбасары Олег Уткин мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің отырысында монополистер мәселесін қарап, жылу мен жарық бағасын реттеуді тапсырған еді. Астана қаласының қуат көзіне жауапты мекеме прокуратураның анықтамасын бірнеше күн бұрын ғана алған. Компания өкілдері ондағы жөндеу жұмыстарына кететін шығындарға байланысты жасалған есеппен ғана келісіп отыр. Ал, компания жылу энергиясына қатысты біраз ақпарат бұрмаланған,-дейді.

Олег УТКИН, «АСТАНА-ЭНЕРГИЯ» АҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Прокуратура өз анықтамасында жылу энергиясына қатысты екі санды көрсеткен. Бірақ, біздегі есеп мәліметі бойынша барлық жерде бір ақпарат және 12 ай бойына ешқандай айырмашылық көрмедік. Әрине, енді бізде болмаған санды прокуратура қайдан тауып алғанын өздерінен сұраймыз. Компания бөлінген қаржының бәрі заңға қайшы келмейді, орынды деп санайды.

Жиында монополияға қарсы агенттік департаментінің жетекшісі Болат Таңабергенов электр энергиясы бағасы Астанада 1 қарашадан бастап төмендегенін айтты. Баға соңғы рет 2015 жылы белгіленіп, бүгінге дейін өзгермеген. Бірақ, компания тоқты тарифте белгіленген сомадан арзанған сатып алып, 2 млард 592 млн теңге артық пайда тапқан. Алайда, тұтынушыға бастапқы тарифпен саудалаған. Енді есесін қайтару үшін, электр энергиясын 1 теңгеге арзандатпақ.

А. Сейфулла