Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Әлеуметтік жобаларды дамытуға 20 млрд теңге бөлінді

AstanaTV
20.11.2018ж. 20:00
2369
Әлеуметтік жобаларды дамытуға 20 млрд теңге бөлінді

Биыл әлеуметтік жобаларды дамытуға 20 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік салада 17 бағыт бойынша 2 мыңнан астам жоба жүзеге асқан. Бұл туралы бүгін Астанада өткен әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды бағалау бойынша алғашқы ұлттық конференцияда айтылды. Іске асқан жобаларға ТМД сарапшылары оң бағасын берді.  

Биыл Қоғамдық даму минстрлігімен жүзеге асқан жобаларының бірі ол арнайы әлеуметтік қызметтер жобасы. Ол Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған. Яғни, жарымжан адамдарға медициналық көмек көрсетіп, инвотаксмен тасымалдаған.  

Ерлік ҚАРАЖАН, «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Әлеметтік жобаларды бағалау барысында жүйелі жұмыстар ұйымдастырылуы қажет. Қоғамдық даму министрлігі тарапынан көп жұмыстар атқарылуда. Оған қоса қоғамдық сарапшылардың ат салысумен сапалы да қоғамға пайдалы жобалар жасауға болады.

Мамандардың айтуынша, әлеуметтік жобаларды бағалау жүйесі Ұлыбританияда, Канадада және Хорватияда енгізіліп, нәтижелі жұмыстарға қол жеткізген. Шетелден келген сарапшылар қауымы елдегі әлеуметтік жобалардың іске асырылуына оң бағасын беріп отыр.  

Алексей КУЗМИН, САРАПШЫ:  

Қазақстанда адам өмірін жақсартудағы маңызды жобалар көп. Бұл дегеніміз мемлекеттің әлеуметтік салада потенциалы бар деген сөз. Ұлттық деңгейде халықтың әлеуметтік жағдайы талықланып жатқаны өте орынды.

Райан УЭДЛ, АҚШ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАМУ АГЕНТТІГІНІҢ ӨКІЛІ:

Менің ойымша, Қазақстанда азаматтық сектор дамып келе жатыр. Бұл саланың болашағы жарқын болады деп айта аламын. Гүлденген қоғамдық сектор қоғамның тұрақтылығына әкеледі.

Жиында барлық өңірлерден келген азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері сараптамалық бағалауды жүргізу бойынша дайындықтан өтті. Сарапшылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясында жүзеге асырылған 60 аса жобаны бағалады.

Д. Сапарқызы