Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

AstanaTV
21.11.2018ж. 20:00
12686
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

Қазақстан түркі әлемінің рухани орталығына айналуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына пікір білдірген сарапшылар осылай деп отыр. Олардың айтуынша, тарихқа негізделген құжатта болашаққа бағдар беретін нақты тапсырмалар айқын көрсетілген. Егер, олар дер кезінде, яғни, алдағы жеті жылда толыққанды жүзеге асса, еліміз Орта Азиядағы ең өркениетті мемлекетке айналары сөзсіз.     

Президент өз мақаласында елдің мәдени және рухани дамуы үшін жеті тарихи жайтқа сүйенген алты ірі жобаны жүзеге асыруды тапсырды. Әр жобаның артында ауқымды жұмыс, қомақты қаржы тұр. Алайда, Қазақстанды түркі әлемінің орталығына айналдыру шарасы ақша аяйтын сала емес . Өйткені, еліміздің тарихы онсыз да талай бұрмаланады. Енді оны түбегейлі зерттеп, бабаларымыз қалдырған мұраны үлгі тұтар кез жетті,-дейді мамандар.   

Әбсаттар ДЕРБІСӘЛІ, Р.СҮЛЕЙМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Қазақ даласы үлкен өркениет ордасы болған. ІХ ғасырда Ислам келгеннен бастап, біз Ислам дінін тек қабылдап қана қойған жоқпыз, біз Ислам өркениетіне, ғылым мен біліміне үлес қосқан халықпыз. Оған қандай деректер бар, оған Нұрағаң айтып отырған Фараби, Отырардан шыққан ғалымдар, Түркістаннан шыққан ғалымдар.

Мақалада Президент еліміздің түркі әлеміндегі ойып алар орнын көрсетті. Ол үшін дініміз бен тіліміз бір мемлекеттердің басын қосып, алдағы жылы үлкен жиын өткізу керек деп белгіленген. Бұл саяси тұрғыда дұрыс шешім дейді сарапшылар  

Айдос СЫРЫМ, САЯСАТТАНУШЫ:       

Ресей түркілері бізге ашықтан ашық айтып жатыр, сіздер көшбасшы болыңыздар. Біз сіздерді түсінеміз, сіздерді білеміз. Түркі тіліне қарағанда сіздің тіліңіз бізге жақын. Ресейде , Мұңғолияда түркілер «сіздер екі ортадағы көпір болсаңыздар» деген әңгімені ғалымдар да, саясаткерлер де айтып отыр. Оны пайдаланбау-ол қиянат.

Гүлназ ҚАСЫМОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:   

Түркі тілдес елдердің форумын өткізу үшін Түркістан қаласының таңдалып алынуы тегін емес. Ол талай ғұламаларды дүниеге әкелген қасиетті де киелі жер. Сондай- ақ, бұл форум форматын тек түрлі кездесулер түрінде ғана емес, цифрлық технологияларды қолдана отырып, оны әлем деңгейінде онлайн түрде өткізуге болады.

Тарихты жеті қырынан талдаған Президент оның құндылықтарын зерттеп, әлемге ғана емес, болашақ ұрпаққа да паш ету үшін архив-2025 бағдарламасын құруды тапсырды. Бұл дүние осыған дейін елдің өткенін жіті зерттеген ғалымдардың еңбегі енген жүйелі құжат болмақ.   

Айгүл СӘДУАҚАСОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

Тарихтың, сонымен қатар археологияның , ғылымның біздің ғалымдар жасап жатқан көп еңбектің дәлелі , сол жұмыстың нәтижесі болып келеді. Әрине, мұнымен жұмыс тоқтамайды. Бірақ ол нәтижелер біздің әлеуметтік ортаға ену керек. Сондықтан, Президент нақты тапсырмалар беріп отыр.

Әсел НАЗАРБЕТОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:   

Көзіміз жеткендей, әлемдік архивтерде әлі талай Қазастанның, қазақ елінің тарихына байланысты материалдар жинауға, топтастыру керек екендігін білеміз, әрине, тек жинап, топтасытырып, қағаз күйінде қалдырып мұрағаттарда жату үшін емес, жаңа форматтағы технолгиялрмен, жаңа цифрлендіріп бүкіл халықты қолжетімді етіп жасау керек.

Мақалада алға қойған міндеттерднің тағы бірі-Ұлы даланың Ұлы есімдерін ұлықтау. Кәрі құрлық өзінің ғұламаларын, атақты суретшілерін мақтан тұтса, Түркі әлемінің бесігінде орналасқан біздің жеріміз де талай дарын илерін дүниеге әкелген киелі мекен.    

Тамара ДҮЙСЕНОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:   

Жалпы, біздің өнерімізге деген, біздің ұлттық кодымыздың негізі болған ауызша және музыкалық дәстүрімізді жалғастыру. Егер де осы бағыт бойынша дала фольклорының антологиясын жасап шығарсақ, осы бағыт бойынша ұлы даланың көне сарындарының жинағын жасап шығарсақ, біздің ел үшін бұл айтулы жаңғырту болады деп пайымдаймын.

«Нұр Отан» партиясы Президент мақаласында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруды міндетті түрде өз бақылауымызға аламыз деп отыр.  

Г. Тасболатқызы