Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Алматыда 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі өз мәресіне жетті

AstanaTV
22.11.2018ж. 20:00
1862
Алматыда 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі өз мәресіне жетті

Алматыда 5 күнге жалғасқан 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі өз мәресіне жетті. Осы уақыт аралығында үш конкурстық бағдарлама бойынша 45 картина сынға түсті. Бұл туындылар арасында Түркия, Перу, Куба және Иран туындалары дабар. Халықаралық бағдарлама бойынша бас жүлде-колумбиялық режиссер Джонни Инестросаның «Канделария» фильміне бұйырды. Ал, «Ата-бабалар мекені» бағдарламасы аясында үздік режиссер қазақстандық Болат Қалымбетов аталды. Оның «Талан» фильмі халықаралық қазылар алқасынан жоғара баға алған.  

Болат ҚАЛЫМБЕТОВ, «ҮЗДІК РЕЖИССЕР» МАРАПАТЫНЫҢ ИЕСІ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕЖИССЕР: 

Қазақ көрермені өте жылы қабылдады. Оған қуаныштымын. Бұны мен көп күткем. 12 жылдай күтті. Бүгін соның жемісін көріп отырмын деп ойлаймын. Бақыттымын, қуаныштымын.

14-ші Халықаралық кинофестиваль картиналарының ішіннен қазылар алқасы «Ең үздік ер адам ролі» мен «Әйел адам ролін» де таңдады. Мұнан бөлек отандық киномайталмандармызға «Құлагер» сыйлығы да табысталды.  

Ермек ТҰРСЫНОВ, 14-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Ш. АЙМАНОВ КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 

Колумбия, Куба, АҚШ тағы басқа әлем елдерінен картиналар келді. Біз үшін кинофестивальді өз деңгейінде, кең ауқымды етіп өткізген басты қуаныш. Ең маңыздысы, мен ойлаймын, бұл өнер сайысы. Бұл рухани байланыс. Бұл тәжірибе алмасу. Бағдарлама талабы күшті болды. Соған сай фильмдер іріктелді. Осының өзі бізге үлкен жеңіс.

О. Нұржақып