Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Есеп комитеті экономика министрлігінің жұмысындағы шикіліктерді анықтады

AstanaTV
22.11.2018ж. 20:00
2224
Есеп комитеті экономика министрлігінің жұмысындағы шикіліктерді анықтады

Ал, бұл уақытта Есеп комитеті қыруар қаржыны ысыраптаған Ұлттық экономика министрлігін айыптап жатыр. «Нұрлы жол» вокзалының құрылысы бюджетке 30 миллиард теңгеге қымбатқа түскен. Себеп, қаржы-экономикалық құжаттар сапасыз жасалыпты. Басында жоба құны 210 млрд теңгені құраған. Алайда, кейінірек ол 243 млрд теңгеге дейін өсті. Және құрылыс-монтаж жұмыстарының 36%-ы ғана пайдалануға берілгенін атап өтті. Сондай-ақ, 50 млн.теңгеге арнайы жабдықтар орнатылмаған. Мүгедектерге арналған ақпараттық-сигналдық құрылғылар жұмыс істемейді. Оған қоса, құрылысына 20 млн теңге жұмсалған қысқы залдар пайдаға жарамай тұр.  

Константин ПЛОТНИКОВ, ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ: 

Аудит қорытындысы бойынша 963,5 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның 333,5-і орнына қайтарылды. Сондай-ақ, тиімсіз пайдаланылған қаражат 280,5 млрд теңгені құрады. 146 процедуралық заңбұзушылық, 27 жүйелік кемшіліктер анықталды. 

Ә. Өмірзақ