Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Құрманғазы» кен орнын барлап, ұңғуға 80 миллион доллар жұмсалмақ-Қ.Бозымбаев

AstanaTV
22.11.2018ж. 20:00
4906
«Құрманғазы» кен орнын барлап, ұңғуға 80 миллион доллар жұмсалмақ-Қ.Бозымбаев

Каспий теңізінің Қазақстан аумағындағы «Құрманғазы» кен орнын барлауға 30 миллион, ал ұңғуға 50 млн доллар жұмсалмақ. Бұл туралы Мәжілісте Энергетика министрі айтты. Ол «Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу келісімі» заң жобасын таныстырды. Онда Қазақстан мен Ресей «Құрманғазы» кен орнындағы өнімді бөлісу келісімі де бар. Бұған дейін жобаның барлау жұмыстарына 157 миллион доллар жұмсалған. Бірақ, мұнай мен газ табылмады. Тараптар шығынды теңдей бөліскен.  

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: 

2006 жылы бірінші ұңғымада 2202 метр тереңдік, 2009 жылы 1 600 метр тереңдік болып шықты. Алайда ұңғымаларда мұнай мен газ кені анықталмады. Өкінішке орай...

Ресей мен Қазақстан биыл келісім мерзімін ұзартты. Енді барлау аумағы 3 мың шақырымға дейін кеңейтілген.  

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: 

Кен орны деу әлі ерте, жоба деп айтуға болады. Ол 50-50. «Роснефть» пен «ҚазМұнайГаз». Сондықтан, қаржы мәселесі осы принциптермен болашақта шешімін табады.

Г. Меңдеева