$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда «7-20-25» бағдарламасы аясында 3-ақ адам ғана несие алған

AstanaTV
23.11.2018ж. 20:00
2313
Қызылжарда «7-20-25» бағдарламасы аясында 3-ақ адам ғана несие алған

Ал, Қызылжарда керісінше «7-20-25» бағдарламасы бойынша небәрі 3-ақ адам несие рәсімдеген. Жергілікті билік көрсеткіштің тым төмендігін құрылыс жоғымен түсіндіріп отыр. Қазір аймақта жеке компаниялардың қаражатына екі көпқабатты баспана салынып жатыр. Жұрттың қызығушылығын ояту үшін енді облыс бюджетіне салынған үйлерді де, бағдарламаға енгізбек. Жыл соңына дейін Қызылжар өңірінде барлығы 1 мың 500 пәтер қолданысқа берілсе, оның 30 пайызы «7-20-25» жобасы арқылы болады деп межелеп отыр.  

Диас МЭЛС, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ СҚО ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Бүгінде тұрғындардан алты өтініш келіп түсті. Оның үшеуін екінші деңгейлі банктер қолдады. Жылдың аяғына дейін тапсырылатын тұрғын үйлер бойынша өтініштер әлі қабылданған жоқ. Айта кетейін, өтінішті баспана салынбай тұрып бере беруге болады. 

А. Құрманкин