$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елде 81 мыңнан астам жас жұмыссыз жүр

AstanaTV
23.11.2018ж. 20:00
2212
Елде 81 мыңнан астам жас жұмыссыз жүр

Ал, қазір 81 мыңнан астам жас жұмыссыз жүр. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының комиссия отырысында айтылды. Жұмыссыздық деңгейі Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарында жоғары. Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстанда керісінше. Олардың саны едәуір азайған. Жиында Жолдауда айтылған ең төменгі жалақыны бір жарым есеге көтеру мәселесі де талқыланды. Нұротандықтардың ақпарынша, келер жылы 275 мың адамның жалақысы 42 мың теңгеге дейін көтеріледі.  

Айгүл НҰРКИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Қазір елде ең аз жалақы 28 мың болса, келер жылы ол 40 мыңнан асады. Комиссия отырысында талқылап, өңірлердегі жағдайлармен таныстық. Аймақтағы әріптестер жұмыс берушілермен сөйлесетін болады.

Д. Сапарқызы