Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Түркістан облысындағы Созақ орман шаруашылығының 654 гектары уран өндіру үшін бөлінеді-ҚР АШМ

AstanaTV
23.11.2018ж. 20:00
6194
Түркістан облысындағы Созақ орман шаруашылығының 654 гектары уран өндіру үшін бөлінеді-ҚР АШМ

Түркістан облысындағы Созақ орман шаруашылығының 654 гектар жері уран өндіру үшін беріледі. Бұл туралы «Астана» арнасына эксклюзивті сұқбат берген Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі айтты. Сондықтан, бұл ат шаптырым аумақтың қолданылу мақсаты өзгереді. Қазір орман шаруашылығының аумағы 1 миллион гектардан асады. Ал, уранды барлау, өндірумен «Қазатомөндіріс» компаниясы айналыспақ. Алайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі ол жерден қанша өнім өндіру көзделіп отырғанынан бейхабар. Дегенмен, ведомство өкілдері жер алдымен кімнің меншігіне берілетінін айтты.     

Сәкен ДІЛДАХМЕТ, ҚР АШМ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

654 гектар жер беріледі. Оны азайту немесе көбейту Үкімет қаулысымен жүргізіледі. Бұл жер учаскесі Түркістан облысының табиғатты пайдалану басқармасына берілетін болады. Біздің құзырымызға орман қорынан басқа санатқа көшіру келісімін жасау ғана кіреді.

Г. Меңдеева