Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда археолог-ғалым Карл Байпақов өмірден озды

AstanaTV
23.11.2018ж. 20:00
6290
Алматыда археолог-ғалым Карл Байпақов өмірден озды

Біртуар ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, академик Карл Байпақов өмірден өтті. Қазақ археология ғылымының көрнекті өкілі 78 жасқа қараған шағында дүниеден озған. Ол басқаратын «ЮНЕСКО жаныдағы мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мамандарының айтуынша, марқұм бір айдай төсек тартып, жатып қалған. Карл Молдахметұлы тарих және археология туралы тың зерттеулерді жария қылып, танымымызды байытқан адам. Ол 1940 жылы Алматы облыс Талғар қаласында дүниеге келген. Алпысыншы жылдары Санкт-Перебург мемлекеттік университетінде археология мамандығын меңгереді. Орталық Азия және Қазақстандағы ортағасырлық археологияның білгір маманы. Отырардың орнын, Құйрықтөбе қаласы мен Қойлық мәдениетін зерттеген еңбектері тарихтың аса құнды мұрасы ретінде қала бермек. Карл Байпақовты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді.  

Р. Асқарбекұлы