Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Екпеден бас тартқан балаларды балабақша мен мектептерге қабылдамауы мүмкін-Л.Ақтаева

AstanaTV
23.11.2018ж. 20:00
2772
Екпеден бас тартқан балаларды балабақша мен мектептерге қабылдамауы мүмкін-Л.Ақтаева

Екпеден бас тартқан балалар балабақша мен мектептерге қабылданбауы мүмкін. Вакцина төңірегіндегі дауды біржола шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі осындай шешуші қадамға бармақшы. Қазақстанда жыл сайын жұқпалы ауруларға қарсы 5 млннан аса адам екпе қабылдайды. Олардың 1,3 миллионы-балалар. Ал, жыл басынан бері 15 мыңға жуық адам вакцинадан бас тартқан. Олардың басым көпшілігі Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.  

Ләззат АҚТАЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Екпе салдырмаған балалар басқаларға түрлі ауру жұқтыруы мүмкін. Сол себепті, вакцинациядан өтпегендерді мектеп мен балабақшаға кіргізбеу туралы норма қабылдамақпыз. Бұл жерде мәселе әр адамның өз денсаулығы мен қоғамға деген жауапкершілігін арттыруда болып отыр.

А. Бектас