Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Black friday

AstanaTV
23.11.2018ж. 20:00
1743
Black friday

АҚШ-та дәстүрлі «BLACK FRIDAY» басталып, тұрғындар жұманың таңымен таласа дүкендерге ағылды. Қазір сауда орындарындағы кезектің шеті мен шегі жоқ. Кез-келген тауарды 70% жеңілдікпен сатып алғысы келгендер мұны да елемейді. Арзан бұйымдарды көбірек сатып алуға асыққандардың ұнаған киімін киіп, өлшеп көруге де мұршасы жоқ. Америкалық Ұлттық бөлшек сауда федерациясының дерегінше, осы күндері әрбір тұтынушы орташа есеппен 1000 доллар жұмсайды екен. Ал, сауда орындарының түсіретін табысы 721 млрд. доллар көлемінде. Айта кетелік, тауарлардың жұма күні жеңілдікпен сатылуы Америкадағы Алғыс айту күнінен кейін болады. Бұдан кейін Рождестволық сауда көрігі қыза түседі. Биыл жұмадағы жеңілдіктер маусымы 23-29 қарашаға тұспа-тұс келіп отыр.  

Амбер ТЕРРИ:  

Бәрінің арзан затты сатып алғысы келеді. Өзіме ештеме керек болмаса да, мұнда жиі келіп тұрамын. Жанталасқан адамдардың таласып-тармасып жатқанын көрудің өзі бір қызық.

Е. Карин