$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекеттік қызметерлердің сыйлық алуы қатаң бақыланады

AstanaTV
23.11.2018ж. 20:00
2372
Мемлекеттік қызметерлердің сыйлық алуы қатаң бақыланады

Мемлекеттік қызметкерлерге тықыр таянды. Жемқорлықпен күрес агенттігі мерекеде сый-сияпат алуды қатаң бақылауға алмақ. Әсіресе, атаулы күндер көп желтоқсан айында мұндай деректер көбейіп кетеді. Былтыр жаңа жыл қарсаңында болған тексеріс кезінде мемлекеттік қорға 156 түрлі сыйлық тәркіленген. Биыл осыған ұқсас жағдайда 28 жеке тұлға мен 5 лауазымды қызметкер жауапқа тартылды. Шенеуніктер бір қорап кәмпит, құйттай мүсін, кітап, телефон мен сағаттар үшін, күйіп кеткен. Заң бойынша бағасы 4810 теңгеге дейінгі сыйлық берсеңіз, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейсіз. Алған адам бір жарым миллион арқалайды. Одан көп сома болса, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылады.  

Равиль ТӨЛЕБАВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Биыл жалпы сомасы 2 812,3 мың теңгеге бағаланған 1433 әр түрлі тауарлар тапсырылған. Алдағы мерекелер қарсаңында барлық өңірлерде алдын алу іс-шараларын өткізу жоспарланып отырғанын атап өтеміз.

А. Сейфулла