$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«English for Jastar» жобасы жемісін бере бастады

AstanaTV
26.11.2018ж. 20:00
2410
«English for Jastar» жобасы жемісін бере бастады

«English for Jastar» жобасы оқушыларды жаппай ағылшын тілінде сөйлете бастады. Жоба екі айдың ішінде өз жемісін берді. Осы уақыт ішінде оқушыларға ағылшынша ауыз екі сөйлеу ережелері үйретіліп, оларға сұрақ қою, сөйлеу, ән айту сияқты сабақтар өткізілді. Қазір партиялық бастама пилоттық жоба ретінде Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола облыстарында іске асып жатыр. «Егер, басқа өңірлерде осындай тиімділігін көрсетсе, келер жылы толықтай жұмыс істейді»,-дейді ұйымдастырушылар.  

Дәулет КӘРІБЕК, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ «ЖАС ОТАН»ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:  

Біз қазір жобаның қандай кемшіліктері бар, қандай артықшылықтары бар және қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып жобаны жетілдіріп, келесі жолы оның аясын кеңейтеміз деген ойдамыз.

«Нұр Отан» партиясы жобаның бастапқы мақсаты-ауылдардағы мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйрету. Бұл жұмысқа Қазақстан бойынша 150-ден аса еріктілер тартылған. Оның ішінде «Болашақ» қауымдастығы арқылы шетелден шақыртылған еріктілер де бар. 

Дорса БАБАЕЙ, ИРАНАН КЕЛГЕН ЖОБА ҚАТЫСУШЫСЫ, «AIESEC Kazakhstan» ПРЕЗИДЕНТІ:  

Осы жобаға қатысқаныма қуаныштымын. Әсіресе, ауылды жерді таңдағаным мен үшін үлкен тәжірибие болды. Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтары өте ерекше. Оларға ағылшынша сөйлеуді, өзіне керекті сұрақты қоюды, ағылшынша ән айтуды үйреттім. Оқушылар әлі кішкентай ғой, сондықтан бірден грамматикаға көшіп, артық салмақ салудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

У. Қабылтайұлы