Шымкент қаласының тұрғындарына арнайы жеке ID-карталар берілмек. Ол жергілікті тұрғындарға түрлі қызметтерді арзан бағамен қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов брифингте мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл жоба әлеуметтік маңызды және әділ болып табылады. Дегенмен, қала шетіндегі елді мекендердің тұрғындарына бұндай жеңілдіктер қарастырылмаған.
Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Арнайы картаның иелері үшін қоғамдық көліктерде жол жүру, көлік тұрағы, кітапхана, театр және т.б. ақы төлеуге тура келетін жерлерде келушілерге қарағанда арзан баға болады. Мысалы, қала тұрғындары үшін қоғамдық көлікте жол жүру шартты түрде 70 теңге болса, конақтар үшін-жоғары баға болады. Жергілікті тұрғындар үшін көлік тұрағы 100 теңге болса, қонақтар үшін-200 теңге болады.
Сонымен қатар, Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарын толық бақылауға алатындығын айтты. Ондағы мақсат-мегополисте қауіпсіздікті орнату.
Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Біз араб әріптестерімізбен қаланың барлық жеріне 50 мың камера орнатуды жоспарлап отырмыз. Қаласақ, кез-келген адам жайлы толық ақпаратты білетін боламыз. Оның қайда екендігін, қалай және қайда жүргендігі жайлы. Менің ойымша, жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жақсы шешім болады.
Ә. Өмірзақ