Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Украинаның 10 облысында 1 айға әскери жағдай енгізілді

AstanaTV
27.11.2018ж. 20:00
2076
Украинаның 10 облысында 1 айға әскери жағдай енгізілді

Жоғарғы Рада Украинаның 10 облысына 1 айға әскери жағдай енгізу туралы жарлықты мақұлдады. Бүгін өткен кезектен тыс отырыста Петр Порашенконың бастамасын қолдап 276 депутат дауыс берді. Керчь бұғазындағы қақтығыстан соң құжатқа сәйкес төтенше жағдай қауіпті деген аймақтарға енгізілді. Енді әскери-әуе күштерінің дайындығы күшейтілмек.  

Петр ПОРОШЕНКО, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ: 

Қабылданған жарлыққа сәйкес, әскери жағдай тек Ресей шекарасымен шектесетін Украина аумақтарына қатысты. Бұл Приднестровье мен Қара теңіз және Азов теңізінің жағасы. Өйткені, бұл аймақтар әскери соққы беруге өте қолайлы.

Керчь бұғазындағы қақтығысқа қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жиын өткізбеді. Кеңес мүшелері «Украина шекараны бұзды» деген Ресей ұсынынысын кері қайтарған. Қазір халықаралық қауымдастық тараптарды ортақ келісімге келуге шақырып отыр. Бұдан бөлек, Ангела Меркель мен Путин телефон арқылы сөйлескен. Мәскеу Украинаны райынан қайтаруға «Берлин көмектеседі»-деп сеніп отыр. Ал, Украинаға АҚШ билігі қолдау көрсетті.  

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Бізге қазір болып жатқан жағдай мүлде ұнамайды. Жағдай өз қалпына келеді деп сенеміз. Бұл мәселеге қатысты Еуропа қол қусырып отырмайтынын білемін. Бұл істе жұмыла жұмыс істеу керек.

А. Бектас