$487.37 €532.94 ₽5.09
×

«Арыңды таза ұста» атты сайыс қорытындысы жарияланды

AstanaTV
27.11.2018ж. 20:00
4047
«Арыңды таза ұста» атты сайыс қорытындысы жарияланды

Жемқорлыққа қарсы үздік бейнеролик үшін 250 мың теңге. «Нұр Отан» партиясы жариялаған «Арыңды таза ұста» атты шығармашылық сайыстың нәтижесі белгілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлескен жоба екі кезеңнен тұрған. Аймақтардан барлығы 200-ден астам еңбек түсті десек, оның ақтық сайысқа іріктелген 21-н арнайы комиссия мүшелері қызу талқыға салды. Жемқорлық тақырыбында түсірілген 1 минуттық туынды авторлары қарапайым тұрғындар мен түрлі саладағы мекеме ұжымдары. Жұмыстар анимация, өмірден алған көріністер түрінде түсіріліпті. Комиссия мүшелері Көкшетау қаласының тұрғыны Нұрлан Балахметовтың жұмысын ең үздік деп бағалады. Екінші орын шамамен 150 мың теңге батысқазақстандық Динара Кидербаеваға бұйырса, үздік үштікті Кереку өңірінің тұрғыны Константин Петях түйіндеді. Ол өзінің 100 мың теңгеден астам жүлдесін өзге жеңімпаздармен бірге желтоқсан айының ортасында Астанадан әкетпек. Жүлдегерлердің еңбектерін «Нұр Отан» партиясының сайтынан көруге болады.  

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Мен ойлаймын, мына тергеуші органдар өздері іздеп тапқан емес, мына халықтың берген сигналдарының арқасында ұсталады, соған жол бермеу үшін осындай конкурс керек.

Г. Тасболатқызы