Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылордадағы кәріз қалдықтарына батқан үйлердің мәселесі әлі шешілмей тұр

AstanaTV
28.11.2018ж. 20:00
2146
Қызылордадағы кәріз қалдықтарына батқан үйлердің мәселесі әлі шешілмей тұр

Қызылордадағы кәріз қалдығына батқан екі қабатты ескі үйлердің тұрғындарына тағы да күтуге тура келеді. Құбыр ауыстырып жатқан мердігерлер кестеден кешігіп жатыр. Оның себебін жергілікті коммуналдық мекеме былай түсіндірді.  

Қайрат ЖОРАБЕКОВ, «ҚЫЗЫЛОРДА СУ ЖҮЙЕСІ» МКК» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазіргі таңда осы жүйені толығымен ауыстыру жұмыстары «Нұрай» мердігерлік мекемесімен жүргізілуде. Аяқтау мерзімі 29 қараша күні болатын-тұғын. Қазіргі таңда қиындықтарға байланысты мерзімі 13-декабрьге дейін созылды. Қиындықтар: астында батқан ескі жүйелер, қалған жүйелер бар, жер асты суларының көтерілуі бар. Солардың арқасында салған трубалардын ішіне су, батпақ кіріп, салынған трубаны қайта алып, қайтып салып.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қызылордадағы 150 пәтерлі үйдің жертөлесі кәріз суына толып кеткен. Ешнияз Сал көшесіндегі екі қабатты үйлер осыдан 50 жыл бұрын салынған. Қазір баспаналардың іргетастары езіліп, қабырғада жарықтар пайда болған. Жертөлелерге қаладан шыққан қалдық су толған. Жағымсыз иіс қолқаны қабады. Тұрғындар проблеманы шешуге ешкім құлықсыз деп шағымданған еді. Қалалық су жүйесі мекемесі жаңа құбыр тартуға уәде еткен болатын. Артынша құбыр тарту жұмыстары қолға алыныпты. Желіні ауыстыруға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен шамамен 157 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 1 жарым шақырым құбыр ауыстыру көзделіп отыр.  

Ш. Сақтапова