$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елде үшінші банк жабылмақ

AstanaTV
28.11.2018ж. 20:00
2025
Елде үшінші банк жабылмақ

«Эксимбанк» жабылады. Сот банкті мәжбүрлі түрде тарату туралы Ұлттық банк арызын қанағаттандырды. Бас реттеуші «Эксимбанкті» 28 тамызда банктік лицензиясынан айырған еді. Алматы қалалық ауданаралық экономикалық сотының шешімі отыз күн ішінде күшіне енеді. Ұлттық банк мамандары бұл банкте депозит ашқан салымшылар 250 миллионға жуық қаражатты қашан қайтара алатынын айтты.  

Иван МОЙСОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ БАНКТЕРДІ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім толық заңды күшіне енген күні Ұлттық банк банкті тарату комиссиясын тағайындайды. Тағы екі аптадан кейін салымшылар өз жиғандарын депозиттерге кепілдік беру қорына арыз жазу арқылы агент-банктен ала алады. Бүгінде «Эксимбанк Қазақстан» бойынша жеке тұлғалардың 249 миллион теңге көлемінде депозиттері сақталған.

Айта кетейік, президент көрсеткіштері нашар деп сынаған үш банктің есігіне құлып салынбақ. Бұған дейін «Қазақ банкі» мен «Астана банкін» де тарату туралы сот шешімі шықты.  

Г. Меңдеева