Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елде ертеңнен бастап белгілі әнші Бүркіттің комедиялық туындысы көрсетіледі

AstanaTV
28.11.2018ж. 20:00
3836
Елде ертеңнен бастап белгілі әнші Бүркіттің комедиялық туындысы көрсетіледі

Тағы бір отандық фильм көрерменге жол тартпақ. Бұл белгілі әнші Бүркіттің «Загадай желание» атты экшн комедиясы. Фильмнің бір ерекшелігі ол 40-тан астам жерде түсіріген. Бүгін туындыны алғаш болып киносыншылар бағалады.  

Фильм ауылдан қалаға келген жас қарапайым қыздың өмірі жайлы. Өмір жолында талай қиындық көрген ол жаратқаннан көмек сұрайды. Періште сылаған сиқырлы қаламның арқасында Мариям барлық арманын орындайды. Бойжеткеннің ең басты тілегі-барлық нәзік жандылардың арманына айналған сымбатты да дәулетті жігітке қол жеткізу. 

Кентал, ӘНШІ, АКТЕР:  

Өзі әдемі жігіт, мен сияқты. Қыздардың барлығы армандап күйеуге шықсам екен деген армандары бар қыздардың. Сондай жігітті ойнаймын. Менің ойымша, бұл киноның сценарийі өте ерекше, өте қызық. Сюжеттің өзі қызық. Көрермендерге ұнайды деп ойлаймын. Көңілдерінен шығады деп ойлайымын.

Актерлар құрамында Саят Исембаев, Баян Мақсатқызы, Мейрамбек Беспаев, Бүркітің өзі мен Аиша да түскен. Бұл туындыдағы Бауыржан Сатовтың рөлі ерекше. Ол-кербез қыздың рөлі. Алайда, актер өнерде барлық жаңа рөлдерді көрген дұрыс деп санайды.   

Бауыржан САТОВ, АКТЕР:  

Бұл енді қыздың кейіпкері ғой. Комедия болғандықтан қыз болып ойнадым. Қыздар ойнаса кәдімгідей көрінеді. Егер, қыздың рөлін ер адам сомдаса, бұл кішкене өзгеше болады. Комедия болғандықтан келісім беріп, енді осындай образыммен көпшілікті таң қалдыратын шығармын мүмкін.

Бұл Бүркіттің киноиндустрия саласындағы екінші туындысы. Жаңа фильмі экшн комедия жанрында. Режиссері әрі продюссері де өзі. Фильмді түсіру жұмыстары 37 күнге созылған. Көбіне Біріккен араб әмірліктері мен Алматы облысы аумағында түсірілген. Режиссер бұл комедияға демеушілермен бірге 120 мың доллар құйғанын айтады.  

Бүркіт ӘНШІ, РЕЖИССЕР:  

Былтыр естерңізде болса, «Логова» деген триллер шығарғанбыз. Енді біраз сынның астанда қалғам. Енді осы жылы «Загадай желание» деген экшн комедия түсірдік. Халықтың сұранысы бойынша, халық экшн комедияны жақсы көреді. Сондықтан, халықтың көңілін қалдырмайық деп комедия түсірдік.

Экш комедияның тұсаукесеріне отандық сыншылар да келіп, бағасын берді. Ертеңнен бастап «Загадай желание» филімін сіздер де бағалай аласыздар. Фильм барлық кинотеатрларда көрсетіледі.   

Д. Сапарқызы