Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылорда облысында 1 мың 370 студент жатақханаға мұқтаж

AstanaTV
29.11.2018ж. 20:00
3260
Қызылорда облысында 1 мың 370 студент жатақханаға мұқтаж

Қызылорда облысындағы колледждердің 1 мың 370 студенті жатақханаға мұқтаж. Аймақта 29 колледж болса, оның 10-да жатақхана мүлдем жоқ. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің облыстық департаментінің қызметкерлері мен арнайы мониторинг топ өкілдері жатақханаларға рейд өткізді. Бірқатар олқылықтар әшкере болды. Музыкалық колледж жатақханасы 100 орынды болғанымен, онда 129 адам орналасқан. Оған қоса, екі жас маман паналап отырғаны белгілі болды. Ал, аграрлы-техникалық колледжде керісінше, бір қабат толығымен бос тұр. Бір қызығы, бос тұрған бөлмелерге жаңа кілемдер төселген. Жатақхана коменданты болса, колледж студенттері тарапынан сұраныс жоқ деп түсіндірді.  

Бағдат ИЗКЕНОВ, ҚР МҚІСЖҚК АГЕНТТІГІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:  

Мынау кейбір оқу орындарында орыннын не себепті бос тұратыны бізге беймәлім болып отыр. Бүгінгі рейд қарауымен біз енді анықтап отырмыз жалпы 70 орын бұл жерде бос тұр. Біріншіден, не себепті бұның бос тұрғаның және қандай мақсат үшін бұны студенттерге бермей отырғанын біз анықтаймыз. Екіншіден, осы сұраныс болып отырған студенттерді осы жатақханаға орналастыру мәселесін көтеретін боламыз.

Гүлдариға ОРЫНБАЕВА, И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ЖАТАҚХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Жатақханамыз 200 орындық, қазіргі таңда 64 оқушы жатыр студент. Ал, енді мынау екінші этаждың бос тұрғаны деп жатсаңыз, ол ешқандай қажеттілік маған қазір келіп жатқан жоқ. Келсе, біз жібереміз барлығында. Бұл өткенде келген затын алдық. Сосын біз осыны осында төседік.

Ш. Сақтапова