Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Грузиядағы президент сайлауында өзін өзі ұсынған Саломе Зурабишвили жеңіске жетті

AstanaTV
29.11.2018ж. 20:00
2549
Грузиядағы президент сайлауында өзін өзі ұсынған Саломе Зурабишвили жеңіске жетті

Грузиядағы президент сайлауында өзін өзі ұсынған Саломе Зурабишвили жеңіске жетті. Бұл туралы «РИА-НОВОСТИ» ақпарат агенттігі хабарлады. Грузияның Орталық сайлау комиссиясының есебі бойынша, сайлаушылардың 60 пайызға жуығы Зурабишвилиге дауыс берген. Осылайша ел тарихында алғаш рет әйел адам билікке келіп отыр. Президенттің өкілеттік мерзімі бұл елде-6 жылға созылады. Айта кетейік, бұл-сайлаудың екінші тур қорытындысы. Ал, алғашқы сайлау қазанның 28-де өткен. Ол кезде 25 үміткердің бір де біреуі 50 пайыздан артық дауыс жинай алмаған болатын. Сайлауға халықтың 56 пайызға қатысқан. 66 жастағы Саломе Зурабишвили Францияда дүниеге келген. Ел билігінде бірқатар қызметтер атқарады. 2003 жылы Францияның Грузияда елшісі болып, кейін Грузияның Сыртқы істер министрі болады. 2005 жылы «Грузияға жол» партиясын құрып, бірқатар ереуілдерге қатысты.