Ресейдің Орынбор облысында жол апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың сүйегі бүгін елге жеткізіледі. Екі тарап келісіп, марқұм туыстарының шекарадан кедергісіз өтуіне жағдай жасаған. Жүк көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысуынан автокөліктегі 5 адам қаза тапты. Олардың барлығы қазақстандық. Тізгіндегі жүргізуші де бақилық болған. Ал, зардап шеккен екі адам Ресей және Қырғызстан азаматы. Соңғысы жүк көлігін басқарған. Екеуі де хәл үстінде жатыр. Ал, қаза тапқандардың үшеуі Ақтөбе, екеуі Қызылорда облысының тумасы. Істі тергеп жатқан ресейлік мамандар әзірге болжамдарын жарияламай отыр.
Қайрат ҚАСЫМОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Туыстары кеше үш көлікпен екі жеңіл машина, бір жүк көлігі бүгін таңертең шыққан. Сегіз адам. Қазір сол Илецк барып қайтқан адамдардың төлқұжаттарын алып, сосын Орынбор қаласын әкетеді. Қызылорда облысының әкімдігі бір көлікті жіберіп, бүгін кешке жақын екі адамның денелерін алып кетуге дайын тұр.
Мирас ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, МАРҚҰМ БОЛҒАН СЕРІК ҚУАНОВТЫҢ ІНІСІ:
5 минуттан кейін маған қайтадан звондады солай-солай сондай жағдай болды, қайтыс болды ағаң. Ол өз жолымен келе жатқан адам. Встречныйға фура шыққан. Ауа-райы қалай болды, тайғақ болған. Фура встречныйға шығып, соқты машинаны.
Б. Рахметова