$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада 20 сәби балабақшаға тегін барады

AstanaTV
04.12.2018ж. 20:00
5571
Астанада 20 сәби балабақшаға тегін барады

Астанада 20 сәбиге тегін балабақша бұйырды. Бұл «20 ізгі қадам» жобасының аясында мүмкін болып отыр. Осылайша жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға көмек көрсетілмек. Балғындарды тегін қабылдауға 12 жеке меншік бақша келіскен. Тосыннан келген көмек ата-аналарды таң қалдырды.  

Шымкенттен көшіп келген көп балалы отбасы үшін бұл нағыз тосын сый. 7 баланың анасы Жанар Кауменова балалар үйінде өскен. «Алтын алқа» иесі хат танымайды. 2013 жылдан бері үй кезегінде тұр. Әзірге пәтер жалдайды. Отағасы жүк тасымалдаушы. Қолға тиген аз-маз жалақы пәтер ақысы мен балалардың тамағынан аспайды.  

Жанар КАУМЕНОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА: 

Әкімшілік маған көмек беріп жатыр. «Алтын алқа» иегерімін. 4-і сабақта. 2-ін қазір садикке орналасытырып беріп жатыр. Қазір аудандық әкімшіліктен маған кешкілік оқуды қарастырып беріп жатыр. Балаларымды бақшаға орналастырғаннан кейін сол жаққа оқуға барамын.

Қазір Астанада 3-тен 6 жасқа дейінгі 24 мың бала кезек күтіп үйде отыр. Көбінің құжаттары толық болмаған соң, балабақшаға орналастыру қиындық туғызады. Ал, жекеменшік мекемеге ай сайын 50 мың теңге төлеу керек. Мұны қалтасы көтермейтін отбасылар көп. 

Тынысбек АРАШАПОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Біздің жеке меншік балабақшалар ауданын 83 бақша бар. Сол бала-бақшалардың бәрін жинап, бастарын қосып, әркім қолынан келгенше өздері алып. Бұл 20 баланы орналастырып жатырмыз. Бұл балалардан ақша алынбайды. Барлығын бақшаның басшылары өз мойындарына алып, әркім өзінің қолынан келгенше, біреуі екі бала, біреуі үш баланың алып, осындай шараны өткізіп жатырмыз.

Астанада 50 мыңнан аса бала бақшаға барады. Қалада 377 мектепке дейін мекеме бар. 92-і мемлекеттік, қалған 232-і жекеменшік. Соңғылары көбіне ғимаратты жалға алады. Ал, жалдау құны 1 млннан басталады.   

Мәдина ЖАКЕНОВА, «ҮМІТ БЕЙБІТШІЛІК» ҚОРЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Мемлекет жекеменшік балабақшаларға тапсырыс беру арқылы қолдау көрсетіп отыр. Қазіргі таңда елордада бала саны артқандықтан, мемлекет өз тарапынан жекеменшік бақшаларға әр балаға ай сайын 27 мың теңге төлейді. Тағы бір айта кететіні жекеменшік балабақшалардың көбі ғимаратты жалға алып отыр. Жалға алу құны 2 жарым млнға жетеді.

20 бөбек орналасқан 12 бақша алдағы уақытта бақылауға алынады. Қайырымдылық акциясын тағы қайталау жосапарланған.   

Д. Сапарқызы