Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде 11 класс оқушысы менингитке шалдыққан

AstanaTV
04.12.2018ж. 20:00
3261
Ақтөбеде 11 класс оқушысы менингитке шалдыққан

Ақтөбеде мектеп оқушысынан менингит анықталды. Қаладағы №20 мектептің 11-сынып оқушысы ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір онымен араласқан оқушылар мен ұстаздар түгел дәрігерлік тексерістен өтуде. Бозбала бір күн бұрын денесі бөртіп, дене температурасы көтеріліп ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер одан менингит дертін анықтапты.  

Майра НҰРҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Жағдайы ауыр, қалыпты жағдайдағы ауыр болып тұр. Бізге оны жедел жәрдеммен жеткізді. Қатты дене қызуы, бас ауруы мен денесінде бөртпесі болды. «Іріңді менингит» деп отырмыз.

Ақтөбеде жыл басынан бері алты менингит дерті тіркелді. Ал, күні бұрын вирус анықталған мектепте бәріне бетперде кию керегі айтылды.  

Бағдат ОРЫМБЕВА, № 20 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Ол класста карантин жарияланды. Яғни, балалар ол кабинеттен шықпайды. Оқу процесі кезінде физкультура, технология сабақтары да кабинетте өтеді. Контактный тұлғалар ретінде сол класстың мұғалімдері мен оқушылары анализ тапсыруға дәрігерге жіберілді.

Б. Рахметова