Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ең жоғары жалақы Атырау облысында

AstanaTV
05.12.2018ж. 20:00
2820
Ең жоғары жалақы Атырау облысында

Жалақы демекші. Қазақстанда ең жоғары жалақы алатын аймақтар тізімі белгілі болды. Олар Маңғыстау облысы, Атырау және Астана қаласының тұрғындары. Бұл туралы «Finprom» агенттігі хабарлады. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша орташа жалақы 161,8 мың теңге, ал жылдық өсім 9,3%-ды құрады. Ең жоғары айлық алатын өңірлер көшін Атырау облысы бастап тұр. Аймақ тұрғындары айына орта есеппен 310,6 мың теңге алады. Маңғыстау облысы екінші орында. Мұнда халықтың еңбекақысы 273,2 мың теңгеге дейін өскен. Үздік үштікті Астана түйіндеді. Елордалықтардың ай сайын алатыны 240,7 мың теңге. Ал, ең төмен жалақы Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы тұрғындарына тиесілі. Жалпы, аймақтар арасындағы жалақы мөлшерінің айырмашылығы-211,7 мың теңге.  

А. Бектас