Негізгі / Жаңалықтар / «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлт тарихын түгендеуге серпіліс бермек

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлт тарихын түгендеуге серпіліс бермек

Оралдық жастар замандастарын тарихи орындарға саяхат жасап, зерттеу жүргізуге үндейді. Осылайша, жазғы демалыс кезінде болашақ тарихшылардан экспедиция жасақталмақ. Олар киелі жерлерді аралап, жергілікті өлкетану мұражайлары мен жастар ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуды көздейді. Бұл бастамаға Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы түрткі болған. «Құнды деректерге бай мақаланың әр бөлімі курстық жұмыстар мен дипломдық диссертацияларға сұранып тұр»-дейді жастар. «Осылайша, ұлт тарихындағы ақтаңдақтар түгенделер еді»-дейді олар.  

Ерлік ШАМҒАЛИЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАС ОТАН» ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Экспедиция жасап, тарихи орындарға барумен шектелмей, сол жердегі қариялармен, сол жердегі аңыз-әңгімелерді, сонымен қатар қиссаларды жинақтап білу арқылы қазіргі таңдағы тарихи деректерге жаңаша бір серпіліс әкеледі. Тарихи орындарды аралау арқылы жастар сол жердегі тарихты, біздің тарихымыз 551 жыл бұрын емес, біздің тарихымыз сақтар мен ғұндардан басталғанын көре алады.

Е. Карин