Негізгі / Жаңалықтар / Баламалы энергияның тұтынушыларға экономикалық тұрғыдан пайдасы жоқ-Энергетика вице-министрі

Баламалы энергияның тұтынушыларға экономикалық тұрғыдан пайдасы жоқ-Энергетика вице-министрі

Қазір іске қосылған баламалы энергия көздерінің тұтынушыларға экономикалық тұрғыдан ешқандай пайдасы жоқ. Яғни, қуат түрі тарифті төмендетпейді. Мәжілісте жаңартылған энергия көздерінің перспективалық бағыттары талқыланған жиында жаңадан сайланған Энергетика вице-министрі осылай деді. Қазір 67 күн, жел, су электр стансасы жұмыс істейді. Бұл халық тұтынатын энергияның 1-ақ пайызын құрайды.  

Сұңғат ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бірінші әсер ол-экология мәселесі. Бұл 3 пайызды 2-3 млрд киловатт электр энергия. Оны көмір стансамен шығарса, көмір жағылады, экологиялық жағынан мәселелер. Ал, бұл таза жасыл экономика, жасыл энергетика. Ал, бағасы әзір арзандамағандықтан, баға жағынан әзір ондай пайда жоқ тұтынушыларға.

Жиында тұтынушылардың өздері де энергия өндіре алатыны белгілі болды. Энергия көзі жоқ қыстақтағы шаруалар 5 киловаттық баламалы қуат өндіретін болса, «Қазатомөндіріс» компаниясы арқылы 50 пайыздық субсидия беріледі. Оның бір талабы-өнім қазақстандық болу шарт. Тіпті көмір жағып отырған қарапайым тұрғындар да үй шатырына күн панельдерін немесе жел құбырларын орнатып, қуатты өндірмек түгелі сата да алады.  

Сұңғат ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Егер, сіз мысал ретінде, үйге қойсаңыз, 100 киловатт тұтынасыз, сіздің установкаңыз 150 киловатт энергия берсе, 100-н өзіңіз алып, 50 киловатты системаға сата аласыз.

- Сөйтіп сатып жүргендер бар ма?

- Әзірге жоқ.

Г. Меңдеева