Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ашылады

AstanaTV
06.12.2018ж. 20:00
2620
Астанада «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ашылады

Астанада «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ашылады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының XXVII есеп беру-сайлау конференциясында айтылды. Бастама «Жастар жылына» орайластырылған. Астанада 7 филиал, 364 бастауыш партия ұйымы бар. Айта кетерлігі, биыл партияға өткен жастар саны 29 пайызға артқан. 

Фархат ҚУАНҒАНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:  

Партия Елбасының жолдаудағы,және бес әлеуметтік бастамадағы барлық тапсырмаларын орындауды жіті бақылауға алатын болады. Олар арнайы рейдтерге шығады, сондай-ақ, арнайы құрылыс орындарына дейін тексеріс жүргізеді. Және партия кеңесі мүшелерімен кездесу ұйымдастырылып тұрады. Әсіресе, «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» Президенттің әлеуметтік бастамалары турасындағы жұмыстардың атқарылуын қадағалаймыз.

Президент бастамаларын жүзеге асыру бағытында филиалдар 376 іс-шара өткізген. Олардың ішінде әлеуметтік проблемаларды шешу бағытында атқарған жұмыстар бар. Алқалы отырыс соңында бақылау-тексеру комиссиясына 45 адам мүшелікке сайланды. Астана қаласы филиалдары құрамында 50 мыңнан аса адам бар. 

У. Қабылтайұлы