Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстандық кинематографистер қосылған құн салығы мен корпоративтік салықтан босатылады

AstanaTV
06.12.2018ж. 20:00
3534
Қазақстандық кинематографистер қосылған құн салығы мен корпоративтік салықтан босатылады

Қазақстанда кино түсірем деушілер енді екі бірдей салықтан босатылады. Біріншісі-қосылған құн салығы. Оның үлесі-12 пайыз. Бұл-киноөндіріске ақша құятындарға тиімді болмақ. Ал, екіншісі-20 пайыздық корпоративтік табыс салығы. Одан отандық филмдерді прокаттайтын кинотеатрлар босатылады. Осылайша, ұлттық кино өндіріске қолдау көрсетілмек. Бүгін осы заң жобасы Сенатта өткен бірінші оқылымда мақұлданды.   

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: 

Біздің ұлттық кино 20 пайыз салықтан босап тұрғанан кейін әрине ақша жағынан санағанда оны қою ұтымды болады. Екінші жағы біз халықаралық мониторинг жүргізгенде көрермен бір бағыттағы ұлттық киноларды көріп қызыға бастағанда ол соған жиі келе бастайды.

Айта кетейік, бүгін жаңа заңға сәйкес енді отандық фильмдер қазақ тілінде прокатқа шығады. Тек қажеттілік болса, өзге тілдерге аударылады. Ал, шет тілінде түсірілген кинотуындылар бұдан былай үлкен экранға қазақша дубляжбен немесе субтитрмен шығуға міндетті. Қазақстанда жыл сайын 300-ге жуық шетел киносы көрсетіледі. Алайда, оның бірен-сараны ғана мемлекеттік тілге аударылады.