Негізгі / Жаңалықтар / «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев еліміздің шығысында облыс активімен кездесті

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев еліміздің шығысында облыс активімен кездесті

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Өскемендегі жұмыс сапары барысында мамандандырылған медициналық орталықта болды. Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев аймақта алғаш ұйымдастырылған IT форумға қатысты. Өскелең ұрпақтың өрелі форумында Мәулен Әшімбаев Президенттің «Цифрлы Қазақстан» стратегиялық құжаты жөнінде кеңінен баяндап, осы бағдарламның нәтижелі жүзеге асуына «Нұр Отан» партиясының да белсенді атсалысып жатқандығын атап өтті. Партия айти сыныптар мен орталықтар ашып, мамандар даярлау арқылы цифрлық ортаны дамытуды қолға алып отыр. Әшімбаев форумға қатысушылардың ілкі жобаларымен танысты.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Біздің партиямыз Елбасының тапсырмасымен «ІТ» жобалар жүзеге асырып жатыр. Соның ішінде «Айти сыныптарды» ашуды қарқынды жүзеге асырып жатырмыз. Бүгінгі күні 780-дей «Айти сынып» ашылса, бүкіл Қазақстанда, соның 277-сі Шығыс Қазақстан обласында. Жалпы, осы бағыт бойынша Шығыс Қазақстан облысы барлық өңірлерге үлгі екенін айтқымыз келеді.

Мамандандырылған медициналық орталықта Мәулен Әшімбаев денсаулық сақтау саласына енгізілген сандық технологиямен танысты. Орталықта робот хирургтың көмегімен сәтті операциялар жасалғаны айтылды. Трансплантология орталығы да жемісті жұмыс істеп жатыр. Замануи жабдықты меңгеру үшін орталық мамандары әлемнің үздік емханаларында тәжірбиеден өткен. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Шығыс Қазақстан облысында жасалып жатқан жұмыстар, денсаулық сақтау саласының ілгерлеуін септігін тигізеді. Сонымен қатар, көптеген күрделі операциялар аймақ тұрғындарына осында жасалады. Оларға енді Алматы мен Астанаға барудың қажеті жоқ. Елбасының медцицна саласын дамыту бағдарламасын ойдағайдай жүзеге асырып жатқанын көрсетеді. Осы тұрғыдан облыс өзге өңірлерге үлгі көрсете алады деп ойлаймын.

Сапар барысында Партия төрағасының бірінші орынбасары аймақтағы активпен кездесті. Алқалы жиын Елбасы жолдауы мен көлемді мақаласын талқыға салды. Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаветың қатысуымен салатантты түрде мемлекеттік техникалық университет қабырғасында «Үлкен-Алтай» музейі ашылды.  

З. Санай