Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Эйр Астанаға» қатысты үш әкімшілік іс қозғалды

AstanaTV
20.10.2016ж. 20:00
3682
«Эйр Астанаға» қатысты үш әкімшілік іс қозғалды

«Эйр Астанаға» қатысты тағы іс қозғалды. Монополияға қарсы орган құжаттарды ұсынбағаны үшін және жұмыс орнына кіргізбегені үшін компания үстінен үш әкімшілік іс түсірген. Бұл туралы Монополияға қарсы комитет төрағасы айтты.

Серік Жұмағарин, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы:

Қазір біздің қызметкерлердің жұмыс істеуіне кедергі жоқ. Себебі сот компанияны емес, бізді қолдады. Бірақ әзірге ақпарат толық ұсынылып отырған жоқ. Біз дау-дамаймен біраз уақыт жоғалтып алдық. Қазір тексеру жұмыстары орта тұсына келді. Негізі қараша айында аяқтауымыз керек. Егер «Эйр Астана» ұсынған материалдар сапасыз әрі толық болмаса, тексеру мерзімін одан әрі созуға мүмкіндік бар.

Аталған мәселеге қатысты Бас прокуратура мен Көлік прокуратурасына сауал жіберген болатынбыз. Соңғысы бірнеше күннен кейін Ұлттық экономика министрлігіне сілтеді.

Естеріңізге сала кетейік, дау Бас көлік прокуратурасының мәлімдесінен кейін басталды. Ондағылар "Эйр Астана" билет бағасын 50 пайызға негізсіз өсірді деп мәлімдеген. Осыдан соң монополияға қарсы комитет тексерісті бастады. Алайда олар "Эйр Астана" 7 қазан күні тексеру тобын ғимаратқа кіргізбей, тергеуге кедергі жасады деп, әкімшілік іс қозғады. Ал мұны жоққа шығарған компания өкілдері Бас прокуратурадан араша сұраған еді.

Саламат ОМАШ