Ақтөбе облысында ақшасын даулаған сүт сатушылар жергілікті кәсіпорынға басып кірді. Ауыл-ауылды аралап сүт жинайтын мекеме шалғайдағы серіктесеріне бес айдан бері көк тиын да төлемеген. Қаратаусай ауылы тұрғындары мекемені қалаға арнайы іздеп келіп, қарыздарын талап етті.
«На эти копеечки мы живем! У нас дети, дети, понимаете?! Дети! Как нам жить?! Посмотрите на эти руки и на наши! Возьмите эти руки, возьмите эти руки! Посмотрите! Коммунальные услуги нечем платить! На маникюр деньги есть, а вот у нас нет на педикюры-маникюры!»
«Ұлттық эко өнім» компаниясы сүт алу үшін ауыл тұрғындарымен шарт жасасып, айына екі рет ақы төлеуге келіскен. Бірақ тамыз айынан бері ақшасын бермей келеді. Қазір шаруашылықтың қарызы 1 миллион тенгеден асып кеткен. Мәртөк аудан басшылығы кәсіпкерді қараша айында қарызды қайтаруға міндеттеген. Бірақ оған құлақ асқан ешкім жоқ. Енді Қаратаусай тұғындары прокуратураға арыздануға бекініп отыр.
Әлима КУЖИЕВА, «ҰЛТТЫҚ ЭКО ӨНІМ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
31 желтоқсанға дейін біз қарыздардан толық құтыламыз. Біз міне кесте жасадық он адамнан бөліп қойдық. Дүйсенбі күні 4 жүз мың осы адамдарға төлейміз. Екінші 400 жүз мыңды келесі топқа төлейміз. Осы кестені мен есеп бөліміне бердім, осы бойынша төлейміз.
Б. Рахметова