Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстандағы ветеринарлық жүйе елеулі өзгерістерге мұқтаж

AstanaTV
07.12.2018ж. 20:00
2338
Қазақстандағы ветеринарлық жүйе елеулі өзгерістерге мұқтаж

Қазақстандағы ветеринарлық жүйе елеулі өзгерістерді қажет етеді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған агросектор бағыты бойынша комиссияның көшпелі отырысында айтылды. Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтында жиналғандар ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері және агроөнеркәсіптік кешендегі проблемаларды қозғады. Әсіресе, мал арасындағы жұқпалы аурулардың белең алуы. Өткен 9 айда 30 миллион ірі қара бруцелезге тексерілген. 50 мыңынан ауру анықталған. Сондай-ақ, шетелден алатын малмен бірге түрлі вирустар ілесіп келеді. Әсіресе, Шмалленберг вирусы, нодулярлы дерматит түрлері көп. Жазда Батыс Қазақстанда осындай вирустар тіркеліп, біраз мал қырылып қалған еді. Осы деректерді келтірген жиынға қатысушылар: «Арнайы бақылау жұмыстарын қатаңдату керек»-дейді. 

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Қазіргі уақыттағы бақылауы қалай, олардың уақытындағы диагностикалық зерттеулері қалай және де қандай-қандай бізде жұқпалы аурулардың түрлері өршіп барады, қалай онымен күресу керек, қандай шаралар қолдану керек дегендей. Оның ішінде мынау ветеринарлар жұмыстары, қандай кедергілер бар, қандай қиыншылықтары бар, сол жақтарын қараймыз.

О. Нұржақып