$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жоғары жалақы жемқорлықты жоймайды-Е. Згуладзе

AstanaTV
07.12.2018ж. 20:00
2623
Жоғары жалақы жемқорлықты жоймайды-Е. Згуладзе

Жалақыны көтеріп, жемқорлықтың тамырына балта шабу мүмкін емес. Грузияның бұрынғы ішкі істер министрі Екатерина Згуладзе осындай мәлімдеме жасады. Ол парақорлықпен күрес қарсаңында Астанада өткен халықаралық жиынға қатысқан болатын. Экс-министр гүржілік мемлекеттік қызметкерлер қоғамның құрметін сезінгенде ғана абыройдың ақшадан артық екенін түсінді деп отыр. Бірақ, Згуладзе Грузия тұрмыстық жемқорлықты тыюдың әдісін тапқанымен, «Бұл рецепт қазақстандықтар дертіне дауа болмауы мүмкін»-дейді.   

Екатерина ЗГУЛАДЗЕ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ДАМУ ҰЙЫМЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҮЙЕСІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: 

Менің жеке тәжірибемнен түйгенім-жалақы мәселені шешпейді. Өйткені, біз мемлекеттік қызметкерлерге парақорлыққа бармас үшін қомақты айлық төлей алмаймыз. Ал, екінші тарап одан да көп ақша ұсынатын болады. Бұл жерде олар үшін моральдық ар-ождан, кодекстегі жаңа тәртіп маңызды болды. Біз тапқан Грузиядағы бұл формуланың қыр-сыры гүржілік психологиялық ерекшелікте.

Ал, қазақстандық мамандар мемлекеттік қызметкерлер жалақысын көтеру-негізгі тетік деп отыр. Кешенді жұмыстар ішінде қоғамдық бақылау мен цифрландыру да бар.  

Данияр САБЫРБАЕВ, ҚР МҚІСЖҚК АГЕНТТІГІ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Бүгінде жалақы-жүйені құрудағы негізгі элемент. 60-70 мың теңге жалақы алып жүрген мемлекеттік қызметкерге мораль жөнінде айтып, айыптау қиын екеніне келісесіз. Оған келіп жоғары құндылықтар мен Отанға деген махаббат, патриоттық туралы айтып көріңіз. Біз оны жасап жатырмыз. Солай істеу де керек. Бірақ, ол өте қиын. Грузия бұл деңгейден өтіп кетсе, біз оған енді келе жатырмыз.