$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкенттік ұстаз жазған кітап келер жылы оқушылар қолына тиеді

AstanaTV
07.12.2018ж. 20:00
4770
Шымкенттік ұстаз жазған кітап келер жылы оқушылар қолына тиеді

Қазақстанда мектеп оқушылары үшін биологиядан жаңа оқулық әзірленіп жатыр. Ол кітаптар сарапшы топтың талқысынан өтсе келесі жылы 9-шы және 10-сыныпқа оқуға беріледі. Мұны оқулық авторы, шымкенттік ұстаз Алина Соловьева айтты. Ол соңғы 14 жылда мектеп бағдарламасына арналған бірнеше еңбек жазған. Биологиядан 10 оқулығы қазір мектеп бағдарламаларында бар. Жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз ұстаз жайында Айзада Төребекқызы айтады.  

Алина Соловьева-А.Пушкин атындағы мектеп-гимназияның білікті ұстазы. 27 жылдан бері биология пәнінен дәріс береді. Ұстаз жасөспірімдер психологиясын жетік меңгергендіктен болар шәкірттері сабаққа асығатындарын айтады. Ал, әріптестері оның ғылыми ісденісін жоғары бағалайды.     

Диал ХИЛУЕТ, А.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: 

Алина Робертовна бізге тек қана сабақта ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс көмектеседі. Соның арқасында көптеген оқушыларымыз әртүрлі жарыстардан жеңіспен оралуда.

Нұрсұлу ЕРБАЕВА, А.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: 

Алина Робертовна әріптес ретінде мен айтар едім, шын мәнінде ұстаздық өмірге, ұстаздық қызметке жан-тәнімен берілген шебер кәсіби мұғалім ретінде танып айтар едім. Алина Робертовна демалыс күндерге қарамайды. Демалыс күндері өзінің оқушыларын олимпиадаға дайындайтын, республикалық деңгейге дайындайтын оқушыларды демалыс күндері мектепке шақырып, қосымша сабақтар өтеді.

Биология мұғалімі Арина Соловьева өз пәнінің «Жілігін шағып, майын алған маман» дейді әріптестері. Бүгінгі күнге дейін 12 оқулық жазыпты. Ізденістерінің жемісін бүгінгі шәкірттері көріп жүр. Жуырда тағы 9-шы және 10-сыныптарға арнап, жаңа еңбегін сарапшы комиссияға ұсынған.  

Алина СОЛОВЬЕВА, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: 

Алғашқы оқулығым 2004 жылы жарық көрді. Жалпы 12 оқулық жаздым. Қазір соның екеуі сараптамада. Он оқулық мектептерде қолданылып жүр. Көп ізденуге тура келеді. Ашық дерек көздерін, жоғары оқу орындарына арналған әдебиеттерді қолданамын. Кейде жұмыстың көптігінен мектепке қонуға тура келген күндер болғанын жасырмаймын.

Дейтұрғанмен, биолог ұстаз сабақ өтуде ерекше құпиясының жоқ екенін жеткізді. Алина Соловьева: «Кез-келген адам елге еңбек сіңіруі тиіс» деген қағидадан ауытқымауды мақсат еттім дейді. Сондықтан, адамдарға әріқарайда пайдам тисе, ол - менің ұстаздық еңбегімнің ақталғаны деп бағалайды.    

А. Төребекқызы