Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Нұр Отан» партиясының ардагерлері жастарды үйретуде

AstanaTV
10.12.2018ж. 20:00
1967
«Нұр Отан» партиясының ардагерлері жастарды үйретуде

Жақсыдан үйрен! «Нұр Отан» партиясы жастарды үйретудің жаңа форматына көшті. Олар жастарға қызықсыз лекциялардан бас тартып, тренингтер жүргізіп жатыр. Шара партияның «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында өтті. Онда партияға талай жылдық еңбегі сіңген ардагерлер келіп тәжірибиелерімен бөлісті. Оның бірі Лев Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде өтті. Білікті мамандар «Рухани жаңғыру» және Президенттің басқа да бастамаларын жастарға ашық форматта түсіндірді. Тренингте бастамаларды іске асыруда жастардың атқарар жұмыстарына басымдық берілді.  

Мархат ҚАСЫМОВ, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Жастардың құлшыныстары ерекше. Жұмасына осындай 3-4 шара өткіземіз. Бірінші кезекте әлеуметтік мәселелер бойынша жұмыс істейміз. Бүгін міне «Нұр Отан»партиясында қаншама жыл еңбек еткен адамдар өздерінің ақылдарын айтып жатыр. Жастарға барынша осындай бағыт керек деп ойлаймын. Ал, жұмыс істеуге олардың жігерлері жетерлік.

У. Қабылтайұлы