Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері НВО тарихындағы үздік көрсетілімдер тізіміне енді

AstanaTV
10.12.2018ж. 20:00
1809
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері НВО тарихындағы үздік көрсетілімдер тізіміне енді

Қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин мен Василий Жировтің жекпе-жектері НВО телеарнасы тарихындағы үздік көрсетілімдердің тізіміне енді. 45 жыл бокс кештерін көрсетіп келген телеарнаның өткеніне шолу жасаған ESPN арнасының маманы Дэн Рафаэль осындай қорытындыға келді. Өзі атаған 45 үздік жекпе-жектің ішінде 22 орынды 2003 жылы өткен Джеймс Тони мен Василий Жиров арасындағы жекпе-жекке берсе, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы айқасты 16 орынға қойып отыр. Айта кетсек, Головкин мен HBO 2012 жылы келісімшартқа отырған болатын. Қыркүйек айындағы реванш матч GGG үшін де, Альварес үшін де HBO-дағы соңғы жекпе-жек болды. Ал, НВО телеарнасы келер жылдан бастап бокс кештерін көрсетуден бас тартты. Өйткені, бұл спорт түрінен телеарнаға түсетін пайда аз көрінеді.  

Ә. Өмірзақ