Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағанды колледждерінің бірінде бұрын педофилдік қылмысы үшін сотталған адам сабақ берген-Облыстық прокуратура

AstanaTV
10.12.2018ж. 20:00
2757
Қарағанды колледждерінің бірінде бұрын педофилдік қылмысы үшін сотталған адам сабақ берген-Облыстық прокуратура

Қарағанды колледждерінің бірінде бұрын педофилдік қылмысы үшін сотталған адам сабақ берсе, енді бірінде психиатриялық диспансерде есепте тұрған оқытушы жұмыс істеп келген. Өрескел заң бұзушылықтар оқу орындарындағы прокурорлық тексерістен кейін анықталған.  

Нұрсұлтан ҚАДЫРБАЙ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Колледждерде психиаторлық есепте тұрған және кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғушылық қылмыс жасаған және сотты болған екі оқытушы жұмыс істеп жүргені анықталды. Оқытушылардың кәсіби тәжірибеден өткізу талаптарын бұзу деректері болған. Тексеруден соң мемлекеттің кірісіне 89 млн теңгеден астам сома өндіріліп, кінәлі 74 тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның бірі қылмыстық жауапкершілікке.

Дегенмен, қадағалау органы қалада нақты қай орта оқу орындарында заң бұзылғанын тергеу аяқталғанша жарияламаймыз деп отыр. Тек аталған оқытушылардың жұмыстан шеттетіліп, жауап алынып жатқаны ғана белгілі. Прокурорлардың мәліметінше, білім орындарында біраз студент заңсыз шәкірақыларынан да айырылған. Тіпті, түлектердің жұмысқа орналасқаны туралы жалған ақпараттар беріліп келген.   

А. Қуаш