Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Астанада «Қоғамдық құрмет» ұлттық сыйлығының жүлдегерлері марапатталды

AstanaTV
10.12.2018ж. 20:00
3731
Астанада «Қоғамдық құрмет» ұлттық сыйлығының жүлдегерлері марапатталды

Астанада осымен алтыншы рет «Қоғамдық құрмет» ұлттық сыйлығының жүлдегерлері марапатталды. Жемқорлыққа қарсы күрес медиаорталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шарада Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев, «Нұр Медиа» холдингінің және «Астана» арнасының бас директоры Ләззат Танысбай және қоғам қайраткері Мұрат Әбенов арнайы аталымдар бойынша марапатталды. «Астана» арнасының Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Әйгерім Құсайынова «Асқан шеберлік және кәсіби ісі» номинациясын жеңіп алды. Бұл марапат еліміздегі жемқорлық пен парақорлыққа қарсы белсенді насихат жүргізген түрлі сала өкілдеріне беріледі. Биыл алғаш рет жүлдеге лайықтыларды анықтау әлеуметтік желі арқылы жүргізіліпті. Екі аптаға созылған дауыс беруде тек пікір жазғандардың саны мыңнан асып жығылған. Шарада 20 номинация бойынша 50- ге жуық жан марапатталды. Осы жылы алғаш рет еніп отырған «Адал тұлға» номинациясына 8 жан лайықты деп танылды.   

Төлеген БАЙҒҰЛОВ, ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МЕДИАОРТАЛЫҚ ТӨРАҒАСЫ: 

Биыл «Астана» телеарнасының журналистері өте белсенді болды. Біздің байқауымызша, бұқаралық ақпарат құралдары қазір жемқорлыққа байланысты қылмыстарды жариялап қана қоймай, біздің органға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға көмектесіп келеді.

Г. Тасболатқызы