Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтаудағы жаңа пәтерлердің бірнеше қожайыны бар екені анықталды

AstanaTV
11.12.2018ж. 20:00
4346
Ақтаудағы жаңа пәтерлердің бірнеше қожайыны бар екені анықталды

Ал, Ақтауда жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінде дау туды. Ондағы бір пәтердің бірнеше адамға сатылғаны анықталды. Тіпті бір баспананың 10 қожайыны бар болып шыққан. Үйлерін сатып, бастапқы жарна құйғандар не істерін білмей дал. Құрылыс компаниясының өкілдері не дейді? Тілші тарқатады.  

Ашынған тұрғындар «Ниет Строй Сервис» құрылыс компаниясының қызметкерлерімен бірнеше аптадан бері жанжалдасып жүр. Өйткені, бір пәтердің ондаған қожайыны бар болып шыққан. Барлығының қолында сатып алғанын растайтын келісім-шарт та бар. Олар тіпті 3 млн-нан 10 млн-ға дейін бастапты жарна құйып қойған.   

ҚОЛЫ АМАНИЯЗОВ, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Міне, 2 пәтер. Қолымызда барлық құжаттар бар. Бастапқы жарнаның 30 пайызын құйып, қалған қаражатты 5 жылға рассрочкамен алдық. Міне, пәтердің екі қожайыны бар екенінен дәлел.

Мұхаммад ДАНИШАР, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Директоры главный менеждер біледі дейді. Ал, главный менеждері мен директордың рұқсатынсыз ешнәрсе істемедім, ештеңе сата алмаймын дейді. Ешқайсысы бізге дұрыс жауап бермей тұр. Ақшамызды қайтар деп арыз жазсақ, бір айдың ішінде ақшаңызды қайтіп береміз дейді. Ал, 1 айдың ішінде ақшаны қайтып береді дегенге кім кепіл? 

Құрылыс компаниясының басшысы: «Бұған үйді сатумен айналысатын менеджер кінәлі»- дейді. Ол 160 пәтердің орнына 220 үйді сатып жіберген. Енді 60 пәтердің иесі зардап шегіп отыр. Бірақ, тұрғындар алданғандар бұдан екі есе көп деп отыр.  

Сәнгүл АМАНЖОЛОВА, «НИЕТ СТРОЙ СЕРВИС» ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Кез келген адам қателесуі мүмкін. Бұл қателікті түзетуге болады. Енді мен жоғары қабаттағы үйлермен ауыстыруын ұсынамын. Қосымша 3 млн теңге тұратын паркинг бар. Оны да беремін. Егер, жанында тұрғын үй кешені соғылса, сонда көшіп барсын. Бағасын біраз түсіремін. Бірақ, 9 есе түсіруге келіспеймін. 2-3 есе арзандатуға болады.

Компания өкілдері «Әлия» тұрғын үй кешенінде сатылған пәтерлер алғашқы иесінде қалады деп отыр. Ал, қалған азаматтардың қаржысын екі айдың ішінде қайтарамыз деп сендірді. Бастапқы жарнаға құйған қаржы құрылыс жұмыстарына жұмсалмақ. Нысан келесі жылдың басында пайдалануға беріледі. Алайда, халық полиция мен прокуратураға арыз жазып үлгерген.  

А. Бектас