Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қаржы және Денсаулық сақтау министрлігінде қызметкерлердің еңбегі ең көп қаналады-Мемлекеттік қызмет істер агенттігі

AstanaTV
12.12.2018ж. 20:00
2892
Қаржы және Денсаулық сақтау министрлігінде қызметкерлердің еңбегі ең көп қаналады-Мемлекеттік қызмет істер агенттігі

Қаржы және Денсаулық сақтау министрлігіндегі қызметкерлер еңбегі қаналып жатыр. Бұған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің арнайы тексерісі кезінде көз жетті. Алайда, мамандар қайта бұл биыл екі есеге азайғаны деп отыр. Қазір Астанадағы мемлекеттік мекемелер кешкі сағат 6-дан кейін жаппай тексеріліп жатыр. Агенттік рейдіне қатысқан Диана Сапарқызы баяндайды.  

Кешкі сағат 6:35. Агенттік қызметкерлері Денсаулық сақтау минстрлігіне бас сұқты. Мұндағы бірталай қызметкердің үйлеріне қайту ойларында жоқ.  

Кейбір қызметкер тіпті Елбасының тікелей тапсырмасын орындап жатырмыз деп ақталды. Ал, мемлекет басшысының «Ешкім жұмыста кідірмесін» деген пәрмені естен шықса керек. Айтпақшы, бұл қымбат тарифтер үшін жақында Президенттен сөз естіген монополияға қарсы комитет төрағасы. Тарифтерді арзандату үшін түнімен жұмыс істеуге мәжбүр.   

Агенттіктің аяқасты тексерісінен шошыды ма, мемлекеттік қызметкерлер жапа-тармағай жан-жаққа қашып жатты. 

Қызметкерлерінен бұрын министр Біртановтың қабылдау бөлмесіндегілердің асықпай отырғандарына қарағанда, министрдің өзі кештетіп отырған сыңайлы. Ал, Қаржы министрлігінің басшылары жұмыста кідіргендіктен, қызметкерлері де үйлеріне қайта алмай отыр.   

Агенттіктің ақпарынша, жұмыстан тыс уақытта орнында кідіріп, демалыс күндері еңбек еткен қызметкерлерге заң бойынша үстемақы төленуі тиіс. Әзірге ешбір мекеме оны төлемеген. Бұндай басшылар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 87-89 бабы бойынша жауапкершілікке тартылмақ. 

Равиль ТӨЛЕБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:  

Мемлекеттік қызметкерлердің тарапынан артық жұмыс жасау анықталса, онда осы мемлекеттік қызметкердің өзінің жауапкершілігі де қаралады. Ал, егер ол мемлекеттік қызметкер жұмыстың басшылардың тапсырмасының көптігінен отырса және артық жұмыс жасауға тиісінше бұйрығы болмаса, ай соңында үстемақы төленбесе, онда бұл жерде мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі қаралатын болады.

Алайда, мемлекеттік органдардың арасында жұмыс уақытысы бітісімен 5 минутқа болса да кідірмейтіндері де бар. Үздіктердің үштігінде Қоғамдық даму, Аэроғарыш, Мәдениет минстрілігі.  

Д. Сапарқызы