$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бес елдің дипломатына сенім грамоталары тапсырылды

AstanaTV
12.12.2018ж. 20:00
2462
Бес елдің дипломатына сенім грамоталары тапсырылды

Бес мемлекеттің елшісі ауысты. Бүгін Ақордада Президент жаңа дипломаттарға сенім грамоталарлын тапсырды. Ауғанстан, Қырғызстан, Литва, Иран және Армения елдерінің Төтенше және өкілетті елшілері ресми түрде өз қызметтеріне кірісті. Бұл елдермен тығыз қарым-қатынас орнаған. Қырғызстанмен Одақ аясында шекарадағы алыс-беріс, ветеринария талаптарын ретке келтіру міндеті тұр. Иранмен арада Каспий теңізінің мәртебесіне қатысты қыруар шаруа атқарылмақ. Армениямен сауда айналымы былтыр 68 пайызға өсті. Ал, Ауған мәселесіне Қазақстан үнемі үн қосып, гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Президент еліміздің Литвамен ықпалдастығының бүгінгі деңгейін жоғары бағалады. Астана мен Вильнюс арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы екі жақты байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Әлемде әскери қақтығыс ошақтары көбейіп, санкциялық текетірес пен сауда соғысы өршіп тұрған жағдайда өзара сенім болмаса, дағдарысқа қарсы кез келген іс-қимылдың оң нәтижесі болмайтыны белгілі. Қазақстан халықаралық және өңірлік қақтығыстарды шешу жөніндегі қызметіне ерекше тоқталып, соның бір айғағы ретінде Сирияда бейбітшілік орнатуға бағытталған «Астана процесін» айтуға болады. Ханымдар мен мырзалар, біз мемелекеттеріміз арасында сауда-экономикалық ынтымақтыстық, достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ниеттіміз.

М. Дюсекина