«Qazaq Banki» салымшылары қаражаттарын ВТБ банкінен ала алады. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының» шешімімен аталмыш банк салымшыларға осы айдың 24-нен бастап қаражаттарын бере бастайды. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланды. Депозиттердегі ақшаны қайтару шарасы жарты жыл бойы жүргізілмек. Ол үшін агент-банкке салымшылардың 20,4 миллиард теңге салымы аударылады. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы теңгемен төленеді. Ал, өтемақы сомасы 12 желтоқсандағы айырбастау бағамымен беріледі. Еске сала кетсек, Ұлттық Банк «Qazaq Banki»-н осыдан 4 ай бұрын лицензиясынан айырған болатын. Ал, соттың қаржы ұйымын мәжбүрлі түрде тарату туралы шешімі күшіне енді.
Ә. Өмірзақ