Негізгі / Жаңалықтар / «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңес отырысы

«Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңес отырысы

Еліміз бойынша 5 судья өз лауазымдарына лайықты емес деп табылды. Бесеуі де аудандық соттардың судьялары. Қазақстан бойынша мың жарымнан аса судьяның біліктілігін зерттеген «Нұр Отан» партиясының арнайы комиссиясы осындай тоқтамға келген. Тексеру кезінде судьялардың білімсіздігі, талаптарға сай келмейтінгі анықталған. Осы орайда 40-тан аса судья қайта даярлау курстарына оқуға жіберілді. 

Нұрлан ӘБДІРОВ, «НҰР ОТАН»ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ: 

Қазір Парламенттің төңірегінде де Елбасының бастамасымен екі үлкен заң жобасы келіп түсті. Ол тікелей сот жүйесін ары қарай дамытуға байланысты. Атап айтсақ, судьялардың осы мамандыққа келу жолдары, оның жауапкершілігін көтеру. Сонымен қатар, оқыту, жаңа білім беру,заманның талабына сай осындай үлкен мәселелерді біз бүгін талқылап жатырмыз.

У. Қабылтайұлы