Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президент Сауд Арабиясы корольдігіне барды

AstanaTV
25.10.2016ж. 20:00
2976
Президент Сауд Арабиясы корольдігіне барды

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сауд Арабиясы корольдігіне ресми сапары жалғасуда. Мәдина қаласында Елбасы провинция губернаторы ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен кездесті. Сондай-ақ Мұхаммед пайғамбар мешітінде намаз оқыды. Теңдессіз ғибадат үйі - Масджид ан-Нәбауи мешітінің сәулетімен танысқан соң, Президент ел астанасы Эр Риядқа келді. Мұнда Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Бандар бен Мұхаммед Хаджармен де кездесті. Онда Нұрсұлтан Назарбаев, Астана халықаралық қаржы орталығы құрылғанын, Ислам даму банкі оның қызметіне атсалысады деп сенетінін, атап өтті. Банк пен Қазақстанның ортақ жобаларының жалпы құны 1,3 млрд доллардан асады. Ислам даму банкі 2015 жылы құны 665 млн доллар болатын 4 жобаны қабылдап алған. Сондай-ақ Қазақстан президенті  Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Ияд ибн Әми Маданимен кездесті. Тараптар Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған, бүгінде құрамына 32 ел кіретін халықаралық азық-түлік қорының жұмысын ілгерілету жайын талқылады. 

Саламат ОМАШ